18
март
2025
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ҮЛГІЛЕРІ




Нұсқаулық барысында:
- Сабақ жоспарының құрылымы мен мазмұны түсіндірілді;
- Қысқа мерзімді жоспарлау (ҚМЖ) үлгілері көрсетілді;
- Сабақ мақсатын оқу бағдарламасына сәйкестендіру жолдары ұсынылды;
- Блум таксономиясы мен критериалды бағалау жүйесі бойынша бағыт-бағдар берілді;
- Оқу тапсырмаларын саралау және тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау мәселелері қозғалды.
Жас педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды. Сондай-ақ, пән мұғалімдеріне арналған дайын үлгі жоспарлар таратылып, практикалық қолдау көрсетілді.
Бұл шара жас мамандардың кәсіби дамуына, сабақты жүйелі жоспарлап, тиімді өткізуіне септігін тигізетін маңызды жұмыс болды.