9 МАМЫР - ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТІЛДІ
Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай тірек мектеп-лицейде бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бұл күн - тарихымызда мәңгілікке қалатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын естелік. Сынып сағаттары барысында оқушыларымызға Ұлы Отан соғысының батырлары мен сол кездегі ерліктері туралы маңызды ақпараттар беріліп, олардың жас ұрпаққа үлгі болатын ерлік істері талқыланды.
Ұлы Жеңіс күнін ұлықтай отырып, тарихымызды еске алып, ерлік пен батырлықты қадірлеу - біздің міндетіміз!