24
май
2025
"ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН АЛҒЫС" СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ













Салтанатты шарада Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Анар Садыққызы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Шерелханұлы тірек мектеп-лицей ұжымына, Жас Түлектерге жаңа табыстар мен үлкен өмірге сәтті сапар тіледі.
Тірек мектеп-лицей басшысы Руслан Бахытұлы мерекелік тілегін білдіре құттықтау сөз сөйлеп, алтын ұясынан ұшқалы тұрған Жас Түлектерге Ақ жол тілеп, жылдың қорытындысы бойынша жетістікке жеткен біршама оқушылар мен ұстаздарды марапаттады.
Мектеп түлектері жүрекжарды тілектерін, ұстаздарға алғыстарын айтып, шығармашылық тартуларын ұсынды. Ұстаздардың мерейін өсірген ән мен жырға толы кеш мектеп пен оқушы арасындағы мәңгілік байланыстың дәлелі болды.
Мектеп-лицейіміздің әрбір білім алушысына білім мен тәрбие берген барша ұстаздарымызға мың алғыс!