


2023 жылдың 22 ақпанында Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің базасында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті тарапынан «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында облыстық әдістемелік десант жұмысы өткізілді. Негізгі мақсаты: Оқыту мен тәрбие сапасының деңгейін арттыру, білім сапасын қамтамасыз етуде мектепішілік бақылау жоспарын жоспарлаудың тиімділігі, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында әдістемелік көмек көрсету.Аталған іс-шараға аудан бойынша директордың оқу, ғылыми-әдістемелік, тәрбие, құқық ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепке дейінгі ұйым және мектепалды сынып педагогтары, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, тарих, география, информатика, жаһандық құзыреттілік, психолог, әлеуметтік педагогтар, кітапхана қызметкерлері) барлығы 470 педагог қатысты.Әдістемелік десант барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері тарапынан қажетті ақпараттар беріліп, алдағы уақытта білім мекемелерінде мектепішілік басқару мен бақылау жоспарын дұрыс жоспарлау бойынша, БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда, фукционалдық сауаттылық бойынша бірқатар ұсыныстарын берді. Педагогтеріміз көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарға жауаптарын алып, аталған десант жұмысына өз ризашылықтарын білдірді.