04
апрель
2025
"ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАҒАН - ЖАС МАМАН" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ




Дөңгелек үстел отырысында:
🔹 Жас педагогтер өздерінің алғашқы жетістіктері мен кездескен қиындықтары туралы ой бөлісті;
🔹 Тәжірибелі ұстаздар тарапынан әдістемелік ұсыныстар мен кәсіби кеңестер берілді;
🔹 Ашық пікір алмасу барысында мұғалімдер бір-бірінің тың идеяларын талқылап, қолдау білдірді;
🔹 Жас мамандар шығармашылық ізденістері мен заманауи білім беру әдістеріне қатысты жобаларын таныстырды.
Бұл кездесу – жас мамандардың кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Осындай басқосулар жас ұстаздарға шабыт сыйлап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.