13
январь
2025
“ЖУАЛЫ” ТАРИХИ-ТАНЫМДЫЛЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ





Тарихи-танымдылық энциклопедиясына енген ұстаздар — саналы ғұмырында білім мен тәрбие беруде ерекше із қалдырып келе жатқан әріптестер. Тәжірибелі педагогтер тек білім берумен шектелмей, тәрбиелік, мәдени және әлеуметтік міндеттерді де атқарып, ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына ықпал етуде.
Осы орайда энциклопедияға енген тәжірибелі ұстаздарды тірек мектеп-лицей ұжымы атынан оқушыларды біліммен сусындатып, өмірлік дағдыларға баулып, болашақта жоғары жетістіктерге жетуге қанаттандырып отырғандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!