ТІРЕК МЕКТЕБІНЕ ҚАРАСТЫ МАГНИТТІК МЕКТЕПТЕР ӨЗАРА УАҒДАЛАСТЫ » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТІРЕК МЕКТЕБІНЕ ҚАРАСТЫ МАГНИТТІК МЕКТЕПТЕР ӨЗАРА УАҒДАЛАСТЫ
07
декабрь
2023

ТІРЕК МЕКТЕБІНЕ ҚАРАСТЫ МАГНИТТІК МЕКТЕПТЕР ӨЗАРА УАҒДАЛАСТЫ

Биылғы оқу жылында Жамбыл облысы бойынша 2 мектеп «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына енген болатын. Соның бірі, Жуалы ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицей. Аталмыш жоба аясында мектеп-лицейдің материалдық-техникалық базасы толықтай жаңарды. Атап айтқанда, заманауи зертханалармен, TELE-studia, ART-studia, STEM-лаборатория, Intellectum т.б. пәндік кабинеттері жабдықталды. 
Тірек мектеп-лицей ретінде магниттік мектептермен бірлесе отырып білім сапасын арттыру және білім алушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мен лицей базасындағы ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында тірек мектеп-лицейдің бастамасымен магниттік мектептердің «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Келісімде мектепаралық байқаулар мен олимпиадаларға, спорттық жарыстарға, конференцияларға белсенді қатысу, экскурсиялық сабақтар ұйымдастыру, мектеп білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу т.б. мәселелер қаралды. Алдағы уақытта магниттік мектептердің «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен тығыз жұмыс жасалатын болады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив