24
декабрь
2024
ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ







Осыған орай Жуалы ауданының әкімі Жалғас Әлижанұлы республикалық және облыстық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарын марапаттап, оларды болашақта үлкен жетістіктерге жетуге шабыттандырды. Бұл оқушыларға өз білімін әрі қарай дамытып, ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыруға, өз мүмкіндіктерін көрсетуге мотивация береді.
Дарынды шәкірттердің қатарында облыстық “Ғылыми жоба” байқауында 9 сынып оқушылары Әділбек Абдрахман жүлделі І орынды, жетекшісі Кененбаева Гулшат, ІІІ орынды Әділбек Абдрахим иеленді, жетекшісі Баетова Дана. 2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық “Зерде” ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде 5-сынып оқушылары Баймаханбет Қарақат ІІ орынды, жетекшісі Тилемисова Меруерт, Мәулембек Айару І орынды, жетекшісі Базарбаева Нургул, 7-сынып оқушысы Кеңесбек Альбина ІІІ орынды иеленді, жетекшісі Жармухамбетова Жанат.
Байқау жеңімпаздары мен жетекшілерін тірек мектеп-лицей ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!