01
октябрь
2023
ЭКСПЕРИМЕНТТІК АЛАҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей (РО) «Жаһандану жағдайында ауыл мектеп оқушыларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік алаң жұмысының
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
СІЛТЕМЕ ЖАСАҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
Эксперимент аясында жүргізілетін жобалар:
1.«Домбыра» үйірмесі
2. «Драма өнері» үйірмес"
3. «Таңшолпан» үйірмесі
4. «Вокал» үйірмесі
5. «Жас тілші» үйірмесі
6. «Пікірсайыс» үйірмесі
7. «Телестудия» үйірмесі
8. «Робототехника» үйірмесі
9. «Қылқалам шебері» үйірмесі
10. «Қолөнер» шебері үйірмесі
11. «Тоғызқұмалақ» үйірмесі
12. «Шахмат» үйірмесі
13. «Волейбол» үйірмесі
14. «Баскетбол» үйірмесі
15. «Футбол» үйірмесі
16. «Үстел теннисі» үйірмесі
Эксперименттен күтілетін нәтижелер:
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
СІЛТЕМЕ ЖАСАҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
Жуалы ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің (РО) негізінде құралған «Жаһандану жағдайында ауыл мектеп оқушыларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік алаң жұмысының 2023-2029 оқу жылдарына арналған тұжырымдамасында мына төмендегі стандарттар (құжаттар) пайдаланылды:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-бабының 44-1) тармақшасы;
2. «Педагог мәртебесі туралы» заңының 7-бабының 5,6,8 тармақшалары;
3. «Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы» заңының
6-бабының 4-тармақшасы;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысымен бекітелген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі кешенді жоспарына»;
5. ҚР үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру Ұлттық жобасы;
6. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары»;
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету мақсатында облыстық білім басқармасының эксперименталдық бағдарламалар кеңесінің 10.08.2023 жылғы №1 шешімімен «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №474-Ө бұйрығын негізге ала отырып жұмыс жасайды.
Кіріспе
Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болатынын ерекше атап өткен. Олай болса, оқушыларды қоғамда әлеуметтенуге дайындау барысында олардың жоғары кәсіби құзыреттілігі, бәсекеге қабілеттілігі, мәдениетінің жоғары болуы – бұл білім беру саласының негізгі бағыттарының бірі болып саналады, қазіргі нарық жағдайында азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалуы олардың біліміне, кәсіби біліктілігіне, құзыреттілігі және шеберлігімен ғана өлшенбейді. Сонымен қатар, ұлттық ерекшеліктері мен этономәдени құзыреттілігімен де байланысты. Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, оқушыларды жаңашылдыққа даярлаумен қатар, олардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруымыз керек.
Ұлттық құндылықтар - әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері, мәдени мұралары ұлтымыздың рухани байлығы.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ қалыптастыру. Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп қалыптастыру біздің қоғам алдындағы борышымыз. Білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашақ екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті, жаңа уақыттың талабына үн қоса алатын азамат тәрбиелеу – бүгінгі күннің ең маңызды басымдылығы. Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесіне құндылық бағытта жаңаша көзқараспен қарау, озық мәдениет үлгісіне үйлесімділігін қосу, белсенділікті дамыту, тұлға еркіндігін жан-жақты қалыптастыру басты мәселе болып отыр.
Адамның бойында ұлттық құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы жайлы ойшыл ғұламалар, ұлы педагогтар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, А.Яссауи, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытовтың еңбектерінде жан-жақты талданған. Рухани-адамгершілік тәрбие мен ұлттық құндылықтар отандық зерттеуші ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Бердібаева, Н.С.Әлқожаева, А.Т.Өтебаева, Г.А.Ерғалиева және т.б. еңбектерінен көре аламыз.
Жалпы құндылықтар мәселесінің аксиологиялық аспектіне батысеуропа философиясының көрнекті өкілдерінің еңбектері арналған. Олардың арасынан Г.Гегельді, Э.Гуссерлді, У. Джеймсті, С. Къеркогорды, Ф. Ницшені, Ж.П. Сартрды, Э. Фроммды, М. Хайдеггерді, А.Шопенгауэрді, О. Шпенглерді, К.Ясперсті атап өтуге болады.
Қазақстанның заманауи білім беру саясаты үшін ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылар бойында қалыптастыруда салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар және этномәдени мұраларды білім беру кеңістігіне қалыптастыру идеялары ерекше өзекті.
Адамзат қоғамының сан ғасырлық тарихы мен салт-дәстүрінен, өнері мен мәдениетінен, ғылымы мен білімінен ең қысқа уақыт ішінде хабардар ететін ақпараттық жылдамдыққа ие бірден-бір ғылыми-танымдық орын, әрі көп қырлы тарихи қалыптасқан мәдени-әлеуметтік институт біздің этномәдени мұраларымыз. Осы орайда білім беру үдерісіндегі негізгі мақсаты – тұлғаның сол кезеңдегі тарихи-мәдени кеңістіктегі ұлттық танымын арттыру.
Мақсатты белгісі бойынша ұлттық құндылықтарды қалыптастыру процесінің құрылымы, білім беру кеңістігі олардың шешілуіне бағытталып, мынадай мәселелер жиынтығынан тұрады:
-тұлғаның толық қалыптасуы;
-жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы;
-ғылым, мәдениет, өнер саласындағы мүмкіндіктері менәлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып, тұлғаның бейімділігін, қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;
-қоғамдық сананы дамытатын танымдық әрекетін ұйымдастыру;
-оқыту мен тәрбие беру мақсаты мен тұлға қасиеттерінің құрылуын ынталандыратын тұлғалық және әлеуметтік құнды, алуан қырлы қызметті ұйымдастыру.
Эксперименттің мақсаты: ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті, кең ауқымды ақпаратпен жұмыс жасай білетін, өз білімін жүзеге асыра алатын құзырлы тұлға қалыптастыру арқылы білім беру жүйесіндеұлттыққұндылықтардынасихаттауүдерісінғылыми-теориялықнегіздеужәнеоныжүзегеасырудыңтәжірибелік ерекшеліктерін анықтау, оқу-тәрбие үдерісіне ендіруді тәжірибелік сынақтан өткізу.
Эксперименттің ғылыми болжамы: егер, оқушының тұлғалық даму ерекшеліктері теориялық негізде қарастырылып, зерттеу жұмыстары жүйелі ұйымдастырылып, психологиялық-педагогикалық зерттеу құралдары дұрыс іріктелсе, онда оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндіктері тиімді пайдаланылады, өйткені оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық код, этномәдени мұра материалдары тиімді қолданылып, рухани-адамгершілік қасиеттер жиынтығын дамыту аксиологиялық негізде жүйеленіп, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға алғышарт туындайды.
Эксперименттің міндеттері:
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты деңгейінде бағдарлы пәндерді оқыту;
2. Білім алушылардың ертерек кісіби бағдарға бейімделуінқамтамасыз ету;
2. Білім берудің жаңа парадигмасы мен жалпы орта білім беру жүйесін дамыту тенденциялары аясында оқушы тұлғасын қалыптастыруда тірек мектеп- лицейінің (РО) білім беру кеңістігін құрастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;
2. Тірек мектеп-лицейдің (РО) оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мүмкіндіктерін айқындау;
3. Этномәдени мұра материалдарын оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы дидактикалық мазмұнын жүйелеу, оның тиімділігін дәлелдеу,оқыту үдерісінде отандық және шет елдердің озық педагогикалық тәжірибелерін пайдалану, мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін көтеру.
4. Оқушының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің білім беру кеңістігінің тәжірибесін насихаттау, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оның тиімділігін педагогикалық тәжірибе жүзінде тексеру, сараптамалық талдау және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.
Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесінің өзектілігі білім беру аясында оқушылардың ішкі әлемін рухани байыту міндеттері туындайды. Бұл міндеттің шешімін іздестіруде тәрбиелік-танымдық жұмыстар жүйесі ерекше рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, олардың сабақта алған білім, іскерлік, дағдыларын дамыту, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу. Эксперименттік ғылыми-зерттеу алаңы-зерттеулерге, эксперименттерге, ғылыми ойлауға талпынысы мен қызығушылығы бар оқушыларды біріктіруге шақырады, өзіндік ой қорыту, креативтілік тәрізді қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Тірек мектеп-лицейдің (РО) эксперименттік ғылыми-зерттеу лабораторияларындағы оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, пәндік олимпиадаларға дайындау, интеллектуалды ойындар, клубтар, байқауларды ұйымдастыру.
Эксперимент аясында жүргізілетін жобалар:
- «Бөкейхан ұландары» жобасы
- «Жер жаннаты Жуалы ЭКО» жобасы
- «Бауыржан ұландары» жобасы
- «Генералдар мекені» жобасы
- «Даналық мектебі» жобасы
- «Ақылды бейсенбі» жобасы
- «Туған жерге тағзым» жобасы
1. Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі; («Қазақстан халқына» және «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында 250 млн. теңгемен тірек мектеп-лицейдің материалдық-техникалық базасы жабдықталды.)
2. 3 жаңа модификациялық кабинеттер (химия, биология, физика);
3. ART студио;
4. TELE студио;
5. STEM зертхана;
6. Intellektum кабинеті;
7. Ұлдар және қыздар шеберханасы;
Эксперимент барысында оқытылатын үйірмелер:1.«Домбыра» үйірмесі
2. «Драма өнері» үйірмес"
3. «Таңшолпан» үйірмесі
4. «Вокал» үйірмесі
5. «Жас тілші» үйірмесі
6. «Пікірсайыс» үйірмесі
7. «Телестудия» үйірмесі
8. «Робототехника» үйірмесі
9. «Қылқалам шебері» үйірмесі
10. «Қолөнер» шебері үйірмесі
11. «Тоғызқұмалақ» үйірмесі
12. «Шахмат» үйірмесі
13. «Волейбол» үйірмесі
14. «Баскетбол» үйірмесі
15. «Футбол» үйірмесі
16. «Үстел теннисі» үйірмесі
Эксперименттен күтілетін нәтижелер:
1.Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы тұжырымдар ғылыми басылымдарда жарияланады.
2.Эксперемент материалдарының негізінде оқу-әдістемелік құралдар, жинақтар шығарылады.
3.Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген «Жаңа дәуір оқушысы» қалыптасады.
4.Сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, дәстүрін құрметтейтін тұлға қалыптасады.