"JUALY QYZMET CUP-2024" АУДАНДЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "JUALY QYZMET CUP-2024" АУДАНДЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
25
декабрь
2024

"JUALY QYZMET CUP-2024" АУДАНДЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Бүгінгі таңда дені сау ұлттың – болашағы зор екені баршамызға аян. Сондықтан елімізде Президентіміздің бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Осы бағытта Жуалы ауданында 6-шы футзалдан мекемелер қызметкерлері арасындағы аудан біріншілігі өз мәресіне жетті.

Шараға қатысқан бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының басшысы Жандос Баетов биыл 6-шы рет өткізіліп жатқан бұл жобаның маңыздылығын айтып, бұқаралық спортты дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жеңімпаздарды құттықтап, барша жарысқа қатысушыларға аудан спортының жанданыуына үлес қосып жатқандары үшін алғыс білдірді.

Мекемелер қызметкерлері арасында өткен аудан чемпионаты төрт айға созылып, аяқдоп аламанына 20 команда қатысып, өз бақтарын сынаған болатын.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды «№14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» командасы қанжығасына байлады. Екінші орынды «Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі» командасы иеленсе, «Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Сонымен қатар, дүбірлі додада «Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі» командасының қақпашысы Өркен Сопбеков «Үздік қақпашы» номинациясының жеңімпазы атанды, ал «Мемлекеттік қызмет» командасының ойыншысы Ерлан Ерман маусымның «Үздік қорғаушысы» атанды. Аудан чемпионатының ең «Үздік ойыншысы» номинациясында «№14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ойыншысы Нұртілеу Талғат топ жарды. «Үздік сұрмерген» болып, «Б.Майлин атындағы орта мектебі» командасының ойыншысы маусым бойында 27 гол салған Нұрбек Доғдырбекұлы танылды.

Жарыс жеңімпаздары арнайы кубок, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив