


2023 жылдың 5 мамыр күні Әлихан Бөкейхан атындағы N15 мектеп-лицейінің спорт залында Жуалы ауданының білім саласының қызметкерлері арасында волейболдан аудандық жарыс өтті.Жарысқа 10 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Әлихан Бөкейхан атындағы N15 мектеп-лицейінің өнерпаздары би билеп, ән шырқады.Іс-шараны аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов ашып, жарысқа қатысушыларды 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Содан кейін сөз алған Жуалы аудандық кәсіподақ комиетітінің төрағасы Мәжит Айжанов ұстаздарды мерекемен құттықтап, ұйымдастырылған жарыстың мақсатын анықтап берді. Ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда кәсіподақ ұйымының ықпалы жайында айтып өтті.Волейбол жарысы тартысты әрі қызықты өтті. Командалар 3 топқа бөлініп, өзара бақ сынасып, мықтыларды анықтады. Әр топтан жеңіске жеткен командалар жартылай финалды сарапқа салды.Жарыстың қорытындысында Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының спорт нұсқаушысы Мейірімхан Сырымов волейбол ойынының өтілу барысына шолу жасап, бекітілген ережеге сәйкес өткенін, жоғары деңгейде ұйымдастырылған айтып, алдағы уақытта ескерілуі тиіс бірқатар ұсынысын жеткізді.Шараны аудандық кәсіподақ ұйымның төрағасы Мәжит Айжанов қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.
Тартысты өткен жарыста І орынды Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің командасы жеңіп алса, М.Ломоносов атындағы орта мектебі ІІ орынды иеленді. ІІІ орын Жамбыл атындағы орта мектебіне бұйырды. Сонымен қатар, жарыс барысында көзге түсіп, оқ бойы озық тұрған спортшылар да жеке-дара сыйларды емденді. Кенжешов Самат «Үздік ойыншы» атанса, «Үздік үйлестіруші» болып Данияр Түлкібаев танылды. Барлық жеңімпаздарға Жуалы аудандық кәсіподақ филиалы атынан термостар табыс етілсе, Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы атынан кубок, медальдар және арнайы дипломдар берілді.