ЖУАЛЫДА БАСКЕТБОЛДАН АУДАНДЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖУАЛЫДА БАСКЕТБОЛДАН АУДАНДЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
24
ноябрь
2023

ЖУАЛЫДА БАСКЕТБОЛДАН АУДАНДЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Таяуда Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінде баскетболдан аудандық жарыс болып өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының басшысы Жандос Баетов, Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің директоры Руслан Сайлаубаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, өткізілген жарыстың маңыздылығына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі. Мемлекеттік Гимн орындалды. Содан кейін, жарыстың бас төрешісі Дамир Қожабергенов жарыс ережесімен таныстырып шығып, жарыс басталып кетті. Командалар екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Өз топтарында жеңіске жеткен командалар финалдық ойындарды сарапқа салды.
Нәтижесінде бірінші орынды Ахмет Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің құрама командасы жеңіп алды. Екінші орынды Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі иеленсе, жүлделі үшінші орын Мағжан Жұмабаев атындағы №29 орта мектебіне бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы кубоктар, медальдар мен дипломдар табысталды.
Жарыс барысында Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің өнерпаз оқушылары ән айтып, домбырамен күй тартып, жарыс көркін қыздырды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив