25
апрель
2024
СПОРТ САҢЛАҚТАРЫМЕН МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ





Халық ықыласына бөленіп жүрген спортшылар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға тірек мектеп-лицей директоры Сайлаубаев Руслан Бақытұлы және Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арзымбетов Мақсұтбек Әбдіұлы және Таэквондо спортында жастар арасында 3 дүркін ҚР чемпионы, "Дети Азии" ойындарының қола жүлдегері, ересектер арасында 3 дүркін ҚР чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері Абдрамбек Мақсат Мейірбекұлы қатысып, оқушыларға өз жетістіктерімен бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.