



Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында мектеп-лицейде спорт жұлдыздарымен мотивациялық кездесу өтті. Кездесуге Дзюдо, самбодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы, дзюдодан Евразия ойындарының жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, азия чемпионы, қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының" басшысы Жартыбаев Аманғали Сәлкенұлы, Жуалылық жас боксшылар Әшірбай Бейбарыс пен Рүстембек Мұхамедали, бапкері Рахманқұл Нүркен және мектеп-лицей оқушылары қатысты