11
март
2024
ӘЛЕМДІК РЕКОРДШЫ БАТЫР АУЫЛЫНДА










Кездесудің мақсаты - оқушыларға еліміздің намысын қорғап, көптеген халықаралық жарыстарда еліміздің көк туын желбіретіп жүрген спортшыларымызды таныстыру, оларды үлгі тұту, салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақтың спортқа жақын өсуіне ықпал ету.
Кездесуге «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығының төрағасы, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл, Кеңес одағының батыры Кремениш Николай Иванович және аудан активі қатысты.
Шара алдында мектеп-лицей оқушылар дәлізде күй орындап, ақ жаулықты аналарымыз шашу шашып, ұлттық тағамдар мен сусындарды ұсынып, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Ары қарай мотивациялық кеш мектеп-лицейдің спорт залында жалғасты.
Шара барысында Кеңес одағының батыры Кремениш Николай Иванович балуан спортшы Сергей Цырульниковтың кеудесіне ауған соғысының қаһарманы Борис Төкенұлы Керімбаевтың «Ар-Намыс» төсбелгісін тақты. Ал қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл оқушыларға патриоттық рух беріп, Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің мұражайына «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығының «Бауыржан Момышұлы» НАМЫС төсбелгісін салтанатты түрде лицей директоры Руслан Сайлаубаевқа табыстады.
Әлемдік рекордшы Сергей Цирульников сөз алып, 30 минутқа созылған мастер-кластар, ашық жаттығулар өткізді. Сонымен қатар мектеп-лицейге спорттық құрал жабдықтарды тарту етті.
Шара соңында желтоқсаншы Ерғали Өтемісұлы қонақтарға әзірленген арнайы сый-сияпаттарды ұсынды. Мектеп-лицей ұжымы мен білім алушылары қонақтарға алғысын білдіріп, әйгілі спортшымыз, рекордшымыз Сергей Валерьевичпен суретке түсіп, қолтаңбасын алды.