


Ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Тыңдаушыларына отбасының әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құру тәсілдері ұсынылады.
Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мектеп пен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында мектеп-лицейдің 1 "ә" сынып жетекшісі А.Шаймерденованың ұйымдастыруымен "Отбасы - бақыт бесігі" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.