МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫН ДАМЫТУ - ІЗГІЛІК ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫН ДАМЫТУ - ІЗГІЛІК ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ
14
март
2025

МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫН ДАМЫТУ - ІЗГІЛІК ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ



Тірек мектеп-лицейде жаңа және маңызды қадам жасалып “Мектеп медиациясы” орталығының ашылу салтанаты өткізілді. Бұл орталықтың басты мақсаты – мектеп оқушыларының арасындағы түсініспеушіліктерді шешу, жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен реттеу, сондай-ақ, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту болып табылады.

Медиация әдісі – жанжалды жағдайларда тараптардың өзара келісімге келуіне көмектесетін, бейтарап медиатордың басшылығымен жүргізілетін процесс. Мектеп медиациясы орталығының ашылуы арқылы біз оқушыларға өзара сыйластық, төзімділік, әділеттілік және үйлесімділік сияқты құндылықтарды үйретуге мүмкіндік аламыз.

Салтанатты шараға Жамбыл облысының ҚХА медиаторы, облыстық білім беру ұйымдарының медиаторлар кеңесінің төрайымы Көшекбаева Ғайни Ақылбекқызы, облыстық “Елу жылда - Ел жаңа” ҚБ төрайымы Сүйімкүл Шарапат Батырбековна, Ш.Мұртаза атындағы ТИИ педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор көмекшісі Ускенбаева Жұлдыз Аманкелдиевна, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы, білім бөлімінің басшысы Шертаева Бахыт Рахымжанқызы, аудандық сот төрағасы Абуев Бабырхан Бекболатұлы, қосымша білім беру, тәрбие және балалардың құқығын қорғау бөлімінің басшысы Мейрханова Айжан Дүкенбаевна, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Бакбергенов Аскат Жамбылович, тірек мектеп-лицей әкімшілігі, аудандық білім беру ұйымдарының директорлары, директор орынбасарлары мен педагог-психологтар, педагогтер, оқушылар қатысты. Орталықтың ашылуында медиацияның маңыздылығы туралы сөз сөйлеп, оның болашақта оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға үлкен септігін тигізетіні атап өтілді. Бұл орталық мектептегі тәртіпті нығайтуға және оқушылардың арасындағы түрлі дауларды әділ әрі конструктивті жолмен шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Орталықтың жұмысын ұйымдастыруда білікті медиаторлар мен психологтар көмектесіп, оқушыларды жанжалдарды шешудің тиімді әдістерімен таныстыратын болады. Мектеп медиациясы орталығының ашылуы мектептің әлеуметтік ортасын жақсартуға, оқушылардың арасында бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін маңызды қадам болды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив