15
январь
2025
ДІННІҢ ТҰТАСТЫҒЫ - ЕЛДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ

Кездесуде Рамазан Маратбекұлы оқушыларға ислам дініндегі бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығы туралы баяндама жасады. Дін атын жамылған деструктивті діни ағымдардың қоғам үшін қауіпті екендігін ескертті. Дәстүрлі ислам мен дін атын жамылған деструктивті ағымдар арасындағы діни-теологиялық айырмашылықтарын және олардан сақтану жолдарын атап көрсетті. Қандай уағызшыларды тыңдауға болмайтыны мен қандай діни әдебиеттерді оқымау керектігін айтып, интернет сайттарындағы және әлеуметтік желілердегі экстремистік және террористік материалдардың кері ықпалы жайлы ақпарат берді. Сондай-ақ білім алушылардың көкейлерінде жүрген дінге қатысты сұрақтарына тұшымды жауап берді.
Кездесудің басты мақсаты мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ақпараттандыру, ескерту және оған жол бермеу. Жастарды отансүйгіштікке, білім алуға, дұрыс бағытта жүруге тәрбиелеу болды.