ҰБТ-ГЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ АТА-АНА МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ-ГЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ АТА-АНА МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ
12
февраль
2025

ҰБТ-ГЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ АТА-АНА МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ







Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің (ҰБТ) түлектер үшін маңыздылығын түсіндіру және ата-аналарды сынаққа дайындық барысында дұрыс қолдау көрсету әдістерімен және Қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесімен таныстыру мақсатында мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары үшін жиналыс өткізілді. Шараға тірек мектеп-лицей директоры Сайлаубаев Руслан Бахытұлы, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрғазы Әділет Рақымғазыұлы және пән мұғалімдері қатысты. Мектеп әкімшілігі тарапынан оқушылардың ҰБТ-ге қалай дайындалуы керек екендігі және оның болашақта білім алуға, мамандық таңдауына қалай әсер ететіні туралы толыққанды ақпарат берілді. Сонымен қатар, тестілеу нәтижелерінің болашақ мамандық таңдау мен жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігіне әсері талқыланды.

Жиналыс барысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, балаларын ҰБТ-ге қалай дұрыс дайындауға болатынын талқылады. Сондай-ақ, мектеп-лицей директоры ата-аналарға оқу барысындағы қиындықтарды жеңуге, балаларының оқу мотивациясын арттыруға және олардың психологиялық жай-күйіне назар аударуға кеңес берді.

Жиын соңында ата-аналар ҰБТ-ге қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса мектеп әкімшілігіне хабарласа алатынын айтты. ҰБТ-ге дайындықтың маңызды кезеңі болып табылатын бұл жиналыс ата-аналар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, сәтті нәтижеге жетуге ықпал етті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив