ҒАЛАМТОР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР: ЗИЯНЫ НЕМЕСЕ ПАЙДАСЫ
Мектеп Парламенті өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес білім алушылардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы буын оқушыларына “Ғаламтор мен әлеуметтік желілер: зияны немесе пайдасы” тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ақпараттық шара барысында ғаламтордың білім алудағы және қарым-қатынас жасаудағы пайдасын айтылып, сонымен қатар әлеуметтік желілерде болатын тәуекелдер мен киберқорлықтың алдын алу шараларын түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, интернетте қалыптасатын түрлі жағдайлар туралы сұрақтар қойды. Шара соңында қатысушыларға интернетте қауіпсіз болу және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша арнайы кеңестер берілді. Осылайша, оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты ала отырып, интернеттің пайдасы мен зияны туралы дұрыс түсінік қалыптастырды.