"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
16
август
2024

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 
 Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектеп-лицейдің ресми сайтында жарияланады.
 Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:
 Директордың құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары -1 бірлік жүктеме (тұрақты бос орын).
 Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі» КММ.
 Мекеменің мекен-жайы: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Ұлан көшесі №7.
Байланыс нөмірі: 7-90-42. Электрондық пошта: Bokeikhan-15tml@yandex.kz
  1. Лауазымдық міндеттері: 
тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
      аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
      тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
      білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
      психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
      мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
      білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
      тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
      киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
      білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
      кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
      есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
      ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
      мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
      адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
      білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
      педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
      туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
      білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      педагогика және психология негіздері;
      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
   тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
   
 2. Еңбек ақы төлеу мөлшері: еңбек ақысы - 200000-250000тг аралығында.
 3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 19-27 тамыз аралығында.  
 4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 154-тармағына сәйкес (15.08.2023 №259 өзгерістерімен) жүргізіледі.
 
  Конкурстық құжаттар Жуалы ауданы, Ұлан көшесі №7 мекен-жайында орналасқан «Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейдің» қабылдау бөлімінде қабылданады.