Күзгі сессия жұмыстары аяқталды » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі сессия жұмыстары аяқталды
24
октябрь
2024

Күзгі сессия жұмыстары аяқталды

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 30.09 – 24.10 күндері аралығында тірек мектеп (ресурстық орталық) базасында шағын жинақты мектеп оқушыларына арналған күзгі сессия өткізілді.
Тірек мектептің оқу-тәрбие үрдісі 2 блокта ұйымдастырылды. Бірінші - оқыту блогы, екіншісі - дамыту блогы. Оқыту блогында мемлекеттік білім стандартын игерту жұмыстары жүргізілсе, ал дамыту блогында жеке тұлғаның интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Магниттік мектеп оқушылары түскі уақыттан кейін дамытушылық блогындағы іс-шараларға белсене қатысты. Тірек мектебінің дамытушылық блогының міндеті - оқушылардың бос уақытын шығармашылыққа, салауатты және тәрбиелік іс-шараларға деген белсенділіктерін арттыру. Осы мақсатта нақты жұмыстар жүргізілді.