ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
03
ноябрь
2023

ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей (РО) «Жаһандану жағдайында ауыл мектеп оқушыларын ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық  шарттары» тақырыбындағы ғылыми – педагогикалық эксперимент жұмысының
ЕРЕЖЕСІ
     
Жалпы ережелер
1.Тірек мектептің  (ресурстық орталық) кұрылымы
Толыққанды тірек мектебі (ресурстық орталық) оқытудық 2-3 сатыларын қамтиды. 
І дайындық - бастауыш білім беру деңгейі (1-4 сыныптар)
II бағдаралды - негізгі орта білім беру деңгейі (5-9 сыныптар)
III бағдарлы - жалпы орта білім беру деңгейі (10-11 сыныптар)
Тірек мектебі (ресурстық орталық)оқытудың қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттағы көп бейінді жалпы білім беретін оқу ошағы болып саналады. Гуманитарлық-техникалық,  биологиялық,педагогикалық және т.б. кәсіби мамандықтарға бейімдейді. 
Тірек мектебі (ресурстық орталық) облыстық және аудандық әкімшіліктің шешімдерімен, білім беру саласында өкілетті органның бұйрығымен ашылады.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қатысты мәселеде өзінің профиліне сәйкес жоғары оқу орындарымен, ШЖМ дамыту аймақтық орталығымен, біліктілікті арттыру институтымен тығыз байланыс орнатады.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) дамыта оқытудың жаңа мазмұнын іздестіруді, әзірлеуді және ендіруді, оны іске асырудың әдістері мен формаларын, факультативтік курстардың сараптамалық оқу жоспарларының сынға алуын ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.
2.Тірек мектебі (ресурстық орталық) жұмысының іс-әрекетін ұйымдастыру
  • Тірек мектебінің (ресурстық орталық) ғылыми-эксперименттік жұмысы облыстық Білім басқармасының бұйрығының негізінде құралады;
  • Ғылыми-педагогикалық экспериментті жүргізу үшін өтініште келесілер көрсетілуі тиіс:
  • Тірек мектептің (ресурстық орталық) атауы мен орналасқан заңдық мекен-жайы, реквизиттері;
  • Мектепқұрылымыныңсипаттамасы;
  • Білім беру үдерісініскеасырумоделініңсипаты;
  • Тірекмектебінің (ресурстықорталық) жәнемагниттікмектептердіңтәрбиеленушілер мен оқушыларыныңоқунәтижелерібойыншааналитикалықанықтамасы (соңғыүшжылкөлемінде);
  • Білім беру үрдісініңресурстыққамтамасызетілуітуралыаналитикалықматериалдар(кадрлық, материалдық-техникалық, әдістемелік, инновациялықжәнебасқаресурстар);
  • Құрылуыныңнегізгішартытүрлібілім беру ұйымдарыныңқызығушылығыбірлескеніс-әрекетітуралы (келісімшарты) өзаракелісімболыптабылады.
  • Тірекмектептің (ресурстықорталық) іс-әрекетіқосымшаөңдепшығарылғанбағдарламағасайқалыптасадыжәнебелгіліқұрылтайқұжаттарыменжүзегеасатыніс-әрекетіболыптабылады;
  • Тірекмектептің (ресурстықорталықтың) директоры оныңқызметүйлестірушісіболыптабылады, өзініңқұзырлығы мен өкілдігініңмаңындақарастырылғанұйымдастыруқұқықтыққұжаттарынескереотырыпбасшылықжасайды;
  • Тірекмектебі (ресурстықорталық) іс-қағаздарноменклатурасынажергіліктімұрағаттыңкелісімінсізтолықтыруларенгізугеқұқылы.
Ғылыми-педагогикалық экспериментке басшылық жасау үшін арнайы басқару органы ретінде Үйлестіруші кеңесі құрылады. Кеңес құрамына білім басқармасының өкілдері, қоғамдық өкілдер (ғылыми, мәдениетті, іскерлі және т.б.), білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектеп басшылары, эксперименттік жұмыстың ғылыми жетекшісі, мектептегі жетекшісі және эксперименттік жұмысқа қатысушы оқытушылар мен мектеп педагогтары енгізіледі.
    1.Педагогикалық үйлестіруші кеңесі өз жұмысында осы ережені және эксперимент бағдарламасын басшылыққа алады. Кеңес өз жоспарына сәйкес жұмыс атқарады.
    2.Ғылыми-педагогикалық эксперимент барысында тірек мектебі (ресурстық орталық) эксперимент тақырыбына сәйкес оқу-тәрбие үрдісіне қажетті өзгерістерге енгізуге құқылы;
    3.Білім беру мазмұнына(оқу жоспарына арнайы пәндер енгізу және олардың бағдарламаларын жасау;
    4.Тәрбие жұмысының мазмұны мен оны ұйымдастыру формаларына(сабақтан тыс тәрбие жұмыстарына);
    5.Мектептің ұйымдастыру құрылымына (педагогикалық ұжымымен бірлесе әрекеттесу негізінде ғылыми-әдістемелік орталықтар, зертханалар құру;
    6.Эксперименттің штаттық кестесіне(сағат санын сақтай отырып, штаттық бірлік мазмұның өзгерту).
Педагогикалық эксперимент балалар мен қызметкерлердің денсаулығына және оқыту мен тәрбиелеу сапасына мемлекет тарапынан қойылатын талаптарға нұқсан келмеген жағдайда жүргізілуге құқылы.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) эксперимент жұмысын ұйымдастыруда осы Ережені басшылыққа алады.
3.Білім беру үрдісінің қатысушылары:
Білім беру үдерісінің  қатысушылары: тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) және магниттік мектептердің 8-11-сынып оқушылары, педагогикалық қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (басқа жасөспірімдердің заңды өкілдері);
4.Оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастыру:
Тірек мектебі (ресурстық орталық) өз қызметін типтік оқу жоспары негізінде әзірленген жұмыстық оқу жоспары бойынша іске асырады.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) ҚР білім және ғылым министрлігі ұсынған  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын  және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) базасындағы жалпыға міндетті және қосымша білім беру бағдарламаларының жұмыстық оқу жоспары жалпы білім беруші кешенге енетін шағын жинақы мектептердің жұмыстық оқу жоспарымен үйлеседі.
Оқу жылының ұзақтығы  8 – 11 сыныптар үшін 34 апта. Оқу сабақтары бір ауысыммен ұйымдастырылады.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) оқытудың бірінші сатысында міндетті базалық мазмұнымен қоса білім беру үдерісіне эстетикалық циклдағы пәндер де (музыка, бейнелеу өнері, хореография, домбыра, драма, қолөнер, жас тілші дамытушы ойындар) енгізіледі. 
Оқытудың екінші сатысындағы ғылым негіздерін жүйелі зерделеуге жеткілікті лингвистикалық, эстетикалық, күш-қайраттық қабілеттерді, бейімділік пен дағдыны кешенді қалыптастыру қамтамасыз етіледі, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі (бағдаралды дайындық).
Оқытудың үшінші сатысында тірек мектебі (ресурстық орталық) бітірушінің дүниетанымдық, философиялық, әдептілік және психологиялық дамуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру және бағдаралды дайындық аяқталады.
Зерттеушілік сипаттағы білім беру модулі енгізіледі, оқушылардың ғылыми қоғамының пәндік секцияларының жұмысы ұйымдастырылады.
Бейіндік пәндер, қолданбалы курстар және таңдау курстары заманауи құралдармен жабдықталған сыныптарда тірек мектебінде (ресурстық орталық) басқа білім беру ұйымдарының ұстаздарын жұмысқа тарту арқылы өткізіледі.
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың дәріс, семинар, практикум, зертханалық жұмыстар, оқушылардың өзіндік жобалау жұмыстары және оқытудың басқа ұтымды формалары, әдістері мен оқыту құралдары кеңінен қолданылады.
 Сессия кезеңінде тасымалданған оқушыларға оқу шеберханалары мен зертханаларында практикалық оқу іс-әрекеті ұйымдастырылады.
Тірек мектебіндегі (ресурстық орталықтағы) білім беру үдерісі 3 (тағайындаушы, оқу, қорытынды) сессиядан және сессияаралық мерзімнен тұрады.
Сессияның ұзақтығы тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) Үйлестіруші Кеңесі бекіткен оқу үдерісінің кестесіне сәйкес 3-10 күн аралығында тағайындалады. Сессия кезінде оқушылар базалық пәндер бойынша оқу үдерісінде қиындық туғызған мәселелерді игеруге білікті әдістемелік көмек алады, бейін ауқымында практикалық дағдыны меңгереді, дәрігерлік тексерістен өтеді.
Тағайындаушы сессия оқу жылының басында өткізіледі. Сессия басталғанға дейін оқушыларды функцияналдық сауаттылығы мен білімділік деңгейіне кіру тестісі жүргізіледі. Осы тағайындаушы сессия кезінде кіру тестісінің нәтижелері ескеріліп, сессия жұмысы оқушылардың біліміндегі жетіспеушіліктерді толықтыруға бағытталады.
Оқу сессиясы оқу жылының ортасында өткізіледі. Оқу сессиясы оқушылардың оқып, үйренетін пәндерінің практикалық бағытталуын тереңдетуді көздейді. Химия мен физикадан зертханалық  және практикалық жұмыстар, математикадан практикумдар, қоғамдық пәндерден тренингтер өткізіледі. Сабақ циклдық - модульдік үлгіде тірек және магниттік мектептердің мұғалімдерінің күшімен ұйымдастырылады,  магниттік мектеп оқушыларын жаңа ортаға психологиялық бейімдейді. Сессия қорытындысы бойынша оқушылардың білімділік деңгейі анықталып, сессияаралық мерзімде оқу қиындықтарын болдырмау ұсыныстары беріледі.
Қорытынды сессия оқу жылының аяғында өткізіледі. Оқытудың жеке оқу маршрутын жүзеге асырудың қорытындысы жасалып, базалық пәндер және таңдау курстары бойынша түйінді мәселелер айқындалады. Кеңес беру пунктері жұмыс істейді. Оқушылардың ҰБТ–ға дайындық деңгейі бағаланады.
Сессия уақытындағы оқу сабақтарының режимі тағайындалады және әрбір сабақтың ұзақтығы 45 минут. Күніне ең көбі 6 сабақ  өткізіледі, олардың арасындағы үзіліс 5 – 10 минут.
Сессияаралық мерзімде оқушылардың оқу–танымдық іс - әрекеті тірек мектептерінің мұғалімдерінің қолдауымен шағын жинақты мектептерде қашықтан оқыту арқылы жүреді.
Сессия уақытында тірек мектебі (ресурстық орталық) қосымша білім беру орталығы және толық күн мектебі ретінде жұмыс істейді.
Қосымша бейінді құраушылардың спорттық және көркемөнер – эстетикалық  сабақтары түстен кейін өткізіледі. Оқушылардың сабақтан тыс іс – әрекеті олардың қызығушылығын тудырған пәндік үйірме, секция, клуб, ғылыми қоғам, басқа да бірлестіктер арқылы ұйымдастырылады.
Оқушылардың сабақтан бос уақыты қарым-қатынас аймағында оқушылар үшін түрлі бағыттағы үйірмелер және бірлескен мерекелер, мәдени, спорттық т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.
Үйірмелер балалардың саулығын сақтай отырып, мектептің жалпы ережесі мен эксперимент ережесін ұстана отырып, ұйымдастырылады.
Тірек мектебіндегі (ресурстық орталық) оқушылар саны 8 -11 сыныптарда  15-20 адамды құрайды. 
Сыныптар тілдерді  (қазақ, орыс, шет тілдерін) үйренуде, информатика, дене тәрбиесі, еңбекке баулу сабақтарында, бейінді пәндер бойынша  зертханалық, практикалық жұмыс кезінде екі топқа бөлінеді. Факультатив сабақтар мен таңдау бойынша курстар 10 адамнан артық топ құралғанда ғана өткізіледі.
Басқа пәндерден  топқа бөлу тірек мектебінің (ресурстық орталық) Үйлестіру Кеңесінің шешімі бойынша қаражатқа қарай қарастырылады.
Сессияаралық мерзімде тірек мектебінде (РО – та) ақпараттық – білім беру ортасы құрылады. Шағын жинақты мектептік оқушылары алдын ала әзірленген оқу құралдарымен және дидактикалық материалдарымен оқытылады. 
5.Тірек мектебін (ресурстық орталықты) басқару, кадрлық және қаражаттық қамтамасыз ету, құқықтық жағдайы
Тірек мектебін (ресурстық орталықты) басқару Қазақстан Республикасының заңнамасымен, мектептің жарғысымен және білім беру ұйымының Типтік ережесіне және білім беру ұйымының бір басшылыққа бағыну және бірлесе шешу қағидасына негізделген Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тірек мектебін (ресурстық орталықты) басқару оқушылардың бейіналды дайындығын бейінді оқытылуын, қосымша білім алу жүйесіне қол жеткізуін қамтамасыз  ететін корпаративтік, әлеуметтік серіктестік қағидаларына  негізделген. 
Тірек мектебін (ресурстық орталық)  басқару органына Үйлестіру Кеңесі жатады. 
Үйлестіру Кеңесінің құзыреті, Кеңес Төрағасы мен оның мүшелерінің құқығы мен міндеттері, Кеңестің жұмысын ұйымдастыру реті Үйлестіру Кеңесі туралы Ережемен анықталады.
Үйлестіру Кеңесі туралы Ережені білім беру саласындағы өкілетті орган бекітеді. 
Қаржы – шаруашылық қызметінің мәселелері ҚР заңнамасына, жалпы білім беретін ұйымдардың типтік ережесіне және тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) құрамына енетін мектептердің Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Тірек мектебінің (ресурстық орталық) Үйлестіру Кеңесі, оның құрамына енуші білім беру ұйымдары бюджеттік және қайырымдылық қор көздерінен басқа да қаражаттарды тарта алады 
Тірек мектебінде (ресурстық орталық) келісім бойынша барлық білім беру ұйымдары әрбір жылға бюджетпен бөлінетін өзіндік дербес қаражатын сақтайды.
Қызметтің қаржыландыруы білім беру мекемесінің еңбекті төлеу қорының шегінде жүзеге асырылады, яғни ол жеке бір білім алушыны немесе тәрбиеленушіні асырауға кеткен қаржылық шығындардың нормативіне сәйкес қалыптасады.
Тірек мектебінде (ресурстық орталық) дербес штаттық кесте құрылады, яғни педагогикалық эксперименттің ғылыми жетекшісі мен педагог мамандарының еңбек ақылары бекітілген штаттық кестеге сәйкес төленеді.
Білім беру қызметін қаржыландыру әрбір оқушыға, тәрбиеленушіге бөлінетін қаржы шығынының нормативіне сәйкес жасақталған нақты білім беру мекемесінің еңбекақыны төлеу қоры ауқымында іске асады.
Тірек мектебінде (ресурстық орталық) оқушыларға және тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламасын іске асырғаны үшін қосымша коэффицент енгізілуі мүмкін. 
Тірек мектебінің (ресурстық орталық)  қаржысы қаржы көздерінен жинақталған өз қаражатынан құрылады.
Тірек мектебінің (ресурстық орталық) педагогтар ұжымы белгілі бір мерзімге конкурстық–келісім негізінде жасақталады. Мұғаліммен келісім бұрынғы шартталған мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімінің еңбекақы жүктемесі (ставкасы) аптасына 16 сағат мөлшерінде тағайындалады, оның 6 сағаты ғылыми - әдістемелік және тәжірибелік – эксперименттік  жұмысқа бөлінеді.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) директорының, оның орынбасарының, сыныптан тыс жұмыстарды  ұйымдастырушының еңбекақысы оқушылары толық мектептердегідей тағайындалады.
Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) 8-11 сыныптарына дәріс беруге шақырылған ғалымдарына, ЖОО–ң профессорлар, оқытушыларына және мамандарына нормативтік – құқықтық актіде көрсетілгендей сағаттық мөлшерде еңбекақы төленеді.
Тірек мектебінде (ресурстық орталық) оқушылардың таңдауы бойынша ұйымдастырылған қосымша курстарға және факультатив үшін әрбір сыныпқа 4 сағат бөлінеді: мұғалімнің 0,25 ставкасы әрбір сыныпқа үйірме жұмыстары, клубтар, студиялар, көркемөнер театрлары және басқа да бірлестіктерге; біліктілігі жоғары мамандарға элективтік курстар, жекелеген дәрістер және шарт бойынша курстар өткізгені үшін оқу жылы ішінде 1500 сағат мөлшерінде еңбекақы төленеді.
Тірек мектебінде (ресурстық орталық) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға түзету коэффициенті енгізіледі.
Тірек мектебіне (ресурстық орталық) бөлінген барлық құрал-жабдықтар мектеп иелігінде болады.
6.Тірек мектебінің (ресурстық орталық) есеп беру қызметі
    Тірек мектебі (ресурстык орталық) білім беру саласындағы өкілетті орган алдында өз қызметі жайлы жыл сайын есеп беріп отырады.
7.Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) өз қызметін тоқтатуы:
Ғылыми–педагогикалық эксперимент егер өз қызметін қабылданған функцияларын орындамаған жағдайда, іске асырушы бағытты қоғамның қажетсінбеуі және басқа да негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін.
Тірек мектебінің (РО) жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы заңдарына сәйкес, сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде, жергілікті үкімет басқару органының шешімімен тоқтатылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив