15
март
2024
ТІРЕК МЕКТЕПТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ СЫРТТАЙ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ



Мектеп-лицейдің 8 сыныптарының негізгі оқу пәндері бойынша сырттай бақылау тестілеуі алынды.
«Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» – «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ және Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының бірлескен жобасы. Жоба мектептердің педагогикалық мамандарын даярлау мен ондағы материалдық-техникалық базаны жабдықтау арқылы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуды көздейді.