18
октябрь
2023
ТІРЕК МЕКТЕПТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ СЫРТТАЙ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


4 және 8 сыныптарының негізгі оқу пәндері бойынша жүргізілетін сырттай бақылау 16 қазаннан 24 қазанға дейін жалғасады.
«Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» – «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ және Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының бірлескен жобасы. Жоба мектептердің педагогикалық мамандарын даярлау мен ондағы материалдық-техникалық базаны жабдықтау арқылы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуды көздейді.