АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
20
ноябрь
2023

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

Ауыл оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада басталды.
 Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің базасында алғаш рет ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Білімділер сайысы оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында ұйымдастырылды. 20-29 қараша аралағында өтетін олимпиадаға жалпы 9-11 сыныпта оқитын 655 оқушы тіркелген.
Олимпиада барысында академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға электронды түрде жіберіледі. Барлық кезеңдерде оқушылардың аты-жөні көрінбейді. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптары орталықтың сайтында жарияланады.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауыл олимпиадасына орай білім бөлімі тарапынан 9-11 сынып оқушылары арасында «Үздік логотип», «Үздік эссе», «Үздік web-сайт» байқаулары жарияланған болатын. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушыларға арнайы дипломдармен қатар бағалы сыйлықтар табысталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив