Ұстаздар күні! » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ұстаздар күні!
01
октябрь
2019

Ұстаздар күні!

       Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.Ұстаздар күні құтты болсын!

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР!

   Абдалиев Ақаш 

1952 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, бұрынғы Буденный колхозы, қазіргі Алатау ауылында туылған. 1970 жылы, бұрынғы Октябрьдің 40 жылдығы, қазіргі Мыңбұлақ орта мектебін бітірген. 1970-1974 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алды. Өзінің педагогикалық еңбңгін 1974 жылы Жуалы ауданының Мұхтар Әуезов орта мектебінде математика және физика пәндерінің мұғалімі қызметімен бастады. Сонымен қатар сол мектептің мұғалімі, директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды. Сол сияқты, Жамбыл педагогикалық институтының аға мұғалімі және Жуалы аудандық компартия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін де атқарды. Қосымша, облыстық және республикалық бақылау комиссиясының мүшесі де болды. Педагогикалық еңбегінің соңғы жылдары Жуалы ауданының №15 және Көктөбе орта мектептерінде физика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып, зейнетке шықты.

Дүйсебай Ғалия Үсенқызы

            1955 жылдың 24 қыркүйегінде Жуалы ауданының «Биликуль» совхозында туылған. 

            1973-ші жылы сол ауылдың Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектепті бітіріп, Жамбыл педагогикалық училищеге түсіп, оны 1975 жылы бітірді. Сол жылдан бастап өзінің оқыған мектебінде бастауыш мектебінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1976-1981 жыл аралығында Жамбыл пединститутына түсіп, оны бітірді. 1979-1982 жыл аралығында отбасы жағдайымен Шымкент қаласында тұрып, жұмыс жасады. 1983 жылы Жуалы ауданындағы Гайдар атындағы орта мектебінде бастауыш мектебінде жұмыс атқарды, одан Н.К.Крупская атындағы орта мектебіне 1985 жылы сол мектеп ашылысымен ұстаздық еңбегін жалғастырды. Ал 1986-2015 жылдар аралығында 30 жыл бойы математика пәнінен дәріс берді.

            2003 жылдан бастап зейнеткер (көп балалы ана ретінде).

            Соңғы 2015-2017 жылдар аралығында аудандағы №15 орта мектебінде математика пәнінен дәріс берді.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2018 Мектеп формасы
10 февраль 2019 Жаңа формат ҰБТ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив