
Аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, жасөспірімдерді отансүйгіштік рухқа тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімі Ж.Мұртазаның бекіткен зиялы қауым өкілдері мен жасөспірімдердің кездесу кестесіне сәйкес 5 желтоқсан күні мектеп-лицей ұжымы және "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің ұйымдастыруымен Жуалы аудандық мәслихат хатшысы Е.Тлеубеков және Б.Момышұлы ауылының әкімі К.Төреқұлов, аудандық мәслихат депутаты және мектеп-лицей директоры Р.Сайлаубаевтың қатысуымен 9-11 сынып оқушыларымен "Адам өмірінің басты құндылықтары" тақырыбында кездесу өтті.Кездесуде қамтылған тақырыптар:1.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық санының артуы;
2.Ғаламтордағы буллинг, кибербуллинг, яғни сандық технологияны қолдану арқылы қорқыту, қудалау, ашуландыру;
3.Жасөспірімдердің зиянды заттарға еліктеуі және оның салдары туралы;
4.Оқушылар арасында бір-біріне әлімжеттік көрсету;
5.Болашаққа деген таңдау жасау, мамандық таңдаудағы қиындықтар;
6.Жасөспірімдердің белсенді спортпен айналысуға баулу.