06
октябрь
2023
ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДЕ ҚОНАҚТА



Аталмыш жобаның мақсаты - ауылдық жерлердегі ағарту ошақтарын заманауи игіліктермен қамту, материалдық-техникалық базаны толық жаңарту. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Ал жобаға енетін мектеп заманауи жөндеуден өткен болуы керек.
Биылғы оқу жылында мектеп-лицей тірек мектеп талабымен толық жаңарды. Айталық, модификациялық кабинеттер, заманауи зертханалар, пәндік сыныптар, ART-студия, STEM-лаборатория, ЗD және робототехника, TELE-студия, кітапхана, мәжіліс залы т.б жабдықталды. Осыған орай, Парламент мәжілісінің депутаты Нұрымова Гүлдара Алданышқызы мектеп-лицейге арнайы келіп, мектеп тынысымен танысты.