18
сентябрь
2023
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ


Мемлекет басшысы өз Жолдауында белгіленген мақсатқа қарай ілгерілемелі қозғалысты қалай іске асыру керектігі туралы пайымға егжей-тегжейлі тоқталды. Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ететін ел болуға тиіс. Бұл үшін елімізде қажеттінің бәрі бар – еңбек, капитал, ресурстар, технологиялар. Жаңа өнеркәсіптік саясат – бұл ел экономикасын толығымен жаңғырту мүмкіндігі. Осыған байланысты елдегі толық өндірістік циклге қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік машина үлкен рөл атқарады.
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков Жолдаудың өзектілігі мен қазіргі таңдағы көптеген маңызды мәселелерді шешуде нақты бағдар беретін стратегиялық бағдарлама екеніне баса назар аударып, ауызсу мамандарын Жолдауды қолдап, іске асыруда белсенділік танытуға шақырды. Жиын соңында мектеп-лицей директоры Р.Сайлаубаев талқылау жиынын қорытындылап, ұжым қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ағымдағы халыққа Жолдауының маңыздылығына тоқталып, толыққанды қолдап, жүзеге асыру барысында аянбай жұмыс жүргізуге шақырды.