01
ноябрь
2023
ЭКСПЕРИМЕНТТІК АЛАҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі» (ресурстық орталық)коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітімен»
тірек мектеп-лицей директоры:
________Р.Сайлаубаев
«____» _____ ________ж.
«ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА АУЫЛ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ» тақырыбындағы эксперименттік алаң жұмысының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Жуалы 2023 ж
Бағдарламаны әзірлеуші:
- Абдигапбарова Улжаркын Муслимовна педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ғылым дипартаментінің директоры
Тірек мектеп-лицейінің әдістемелік кеңесімен бекітілген
№ ___ Хаттама "____" _________20____ж.
Жуалы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кеңесімен бекітілген
№ ___ Хаттама "____" _________20____ж.
Бағдарлама Паспорты | ||
Эксперименттің өзектілігі | ||
Эксперимент нысаны | ||
Эксперименттің мақсаты | ||
Эксперименттің ғылыми болжамы | ||
Экспериментің міндеттері | ||
Эксперименттен күтілетін нәтижелер | ||
Эксперимент жетекші идеясы | ||
Зерттеу әдістері | ||
Эксперименттің теориялық және әдіснамалық негіздері | ||
Эксперименттік тәжірибенің зерттеу базасы | ||
Экспериментке қатысушылар | ||
Индикаторлар | ||
Экспериметті іске асыру кезеңдері | ||
Эксперимент нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі | ||
Экспериментті өткізу үшін қажетті жағдайлар | ||
Эксперимент дәйектілігін қамтамасыз ететін мониторинг және бақылау құралдары | ||
Эксперимент дәйектілігін қамтамасыз ететін үлгі штаттық кестесі | ||
Эксперимент нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру | ||
Атауы | «Жаһандану жағдайында ауыл мектеп оқушыларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық шарттары» |
Әзірлеме үшін негіздеме | 1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-бабының 44-1) тармақшасы; 2. «Педагог мәртебесі туралы» заңының 7-бабының 5,6,8 тармақшалары; 3. «Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы» заңының 6-бабының 4-тармақшасы; 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысымен бекітелген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі кешенді жоспарына»; 5. ҚР үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру Ұлттық жобасы; 6. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» |
Тапсырыс беруші | Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі |
Әзірлеуші | Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей ресурстық орталық |
Қажетті ресурстар | * Кадрлар: экспериментке қатысатын кадрларды іріктеу және оқыту; * Эксперимент барысында қажетті материалдық-техникалықоқыту құралдарын және зертханаларды дайындау; *Ғылыми-әдістемелік және эксперименттік апробацияға шығарылатын ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді жобалау; * Эксперименттің материалдық-техникалық жағдайларын қаржылық қамтамасыз етуді жоспарлау, кадрларды ынталандыру және т.б.; * Мотивациялық кездесулер, семинарлар, ыңғайлы жұмыс жағдайларын ұйымдастыру; * Нормативтік-құқықтық эксперимент жүргізу тәртібі туралы ережелерді, үйлестіру-әдістемелік кеңесті, тарифтеу үшін эксперименттік базистік оқу жоспарын және т.б. әзірлеу; * Ұйымдастыру басқару эксперимент бағыттарын әзірлеу бойынша үйлестіру-әдістемелік кеңесті, уақытша шығармашылық топтарды қалыптастыру, эксперименттік жұмыстың мониторингі жүйесін әзірлеу, экспериментті бастау туралы бұйрық шығару және т.б. |
Кіріспе
Эксперименттің өзектілігі: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болатынын ерекше атап өткен. Олай болса, оқушыларды қоғамда әлеуметтенуге дайындау барысында олардың жоғары кәсіби құзыреттілігі, бәсекеге қабілеттілігі, мәдениетінің жоғары болуы – бұл білім беру саласының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Қазіргі нарық жағдайында азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалуы олардың біліміне, кәсіби біліктілігіне, құзыреттілігі және шеберлігімен ғана өлшенбейді. Сонымен қатар, ұлттық ерекшеліктері мен этономәдени құзыреттілігімен де байланысты. Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, оқушыларды жаңашылдыққа даярлаумен қатар, олардың бойына ұлттық құндылықтарымызды қалыптастыруымыз керек.
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері, мәдени мұралары ұлтымыздың рухани байлығы.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ қалыптастыру. Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп қалыптастыру біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ойлы – пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашақ екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті, жаңа уақыттың өктем талабына үн қоса алатын азамат тәрбиелеу – бүгінгі күннің ең маңызды басымдылығы. Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесіне құндылық бағытта жаңаша көзқараспен қарау, озық мәдениет үлгісіне үйлесімділігін қосу, белсенділікті дамыту, тұлға еркіндігін жан-жақты қалыптастыру басты мәселе болып отыр.
Адамның бойында ұлттық құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы жайлы ойшыл ғұламалар, ұлы педагогтар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, А.Яссауи, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытовтың еңбектерінде жан-жақты талданған. Рухани-адамгершілік тәрбие мен ұлттық құндылықтар отандық зерттеуші ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Бердібаева, Н.С.Әлқожаева, А.Т.Өтебаева, Г.А.Ерғалиева және т.б. еңбектерінен көре аламыз.
Жалпы құндылықтар мәселесінің аксиологиялық аспектіне батысеуропа философиясының көрнекті өкілдерінің еңбектері (Г.Гегель, Э.Гуссерл, У.Джеймс, С.Къеркогор, Ф.Ницше, Ж.П.Сартр, Э.Фромм, М.Хайдеггер, А.Шопенгауэр, О.Шпенглер, К.Ясперс)арналған.
Қазақстанның заманауи білім беру саясаты үшін ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылар бойында қалыптастыруда салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар және этномәдени мұралық педагогиканың әлеуетіне, этнопсихологиялық ерекшеліктеріне сүйенуменбірге жергілікті компонеттерден негізделген бірлескен білім беру кеңістігін қалыптастыру идеялары ерекше өзекті.
Мақсатты белгісі бойынша ұлттық құндылықтарды қалыптастыру процесінің құрылымы, білім беру кеңістігі олардың шешілуіне бағытталып, мынадай мәселелер жиынтығынан тұрады:
-тұлғаның толық қалыптасуы;
-жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы;
-тұлға дамуының үйлесімді интеллектуалды, коммуникативтік, көңіл-күй және еріктік түрткілері;
-ғылым, мәдениет, өнер саласындағы мүмкіндіктері мен әлеуметтілік қажеттіліктерін ескере отырып, тұлғаның бейімділігін, қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;
-қоғамдық сананы дамытатын танымдық әрекетін ұйымдастыру;
-оқыту мен тәрбие беру мақсатымен дәйектелген тұлға қасиеттерінің құрылуын ынталандыратын тұлғалық және әлеуметтік құнды, алуан қырлы қызметті ұйымдастыру.
Адамзат қоғамының сан ғасырлық тарихы мен салт-дәстүрінен, өнері мен мәдениетінен, ғылымы мен білімінен ең қысқа уақыт ішінде хабардар ететін ақпараттық жылдамдыққа ие бірден-бір ғылыми-танымдық орын, әрі көп қырлы тарихи қалыптасқан мәдени-әлеуметтік институт біздің этномәдени мұраларымыз. Осы орайда білім беру үдерісіндегі негізгі жаһандану жағдайындажас буынныңтарихи-мәдени кеңістіктігінде ұлттық танымын қалыптастырып, дамыту өзекті мәселе болып табылатындығы анық.
Эксперимент нысаны –Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейдің(ресурстық орталық) оқу-тәрбие үдерісі.
Эксперименттің мақсаты: ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті, кең ауқымды ақпаратпен жұмыс жасай білетін, өз білімін жүзеге асыра алатын құзырлы тұлға қалыптастыру арқылы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды насихаттау үдерісін ғылыми-теориялық негіздеу және оны жүзеге асырудың тәжірибелік ерекшеліктерін анықтау, оқу-тәрбие үдерісіне ендіруді тәжірибелік сынақтан өткізу.
Эксперименттің ғылымиболжамы: егер,оқушының тұлғалық даму ерекшеліктері теориялық негізде қарастырылып, зерттеу жұмыстары жүйелі ұйымдастырылып, психологиялық-педагогикалық зерттеу құралдары дұрыс іріктелсе,онда оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндіктері тиімді пайдаланылады, өйткені оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық код, этномәдени мұра материалдары тиімді қолданылып, рухани-адамгершілік қасиеттер жиынтығын дамыту аксиологиялық негізде жүйеленіп, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға алғышарт туындайды.
Эксперимент міндеттері:
1.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты деңгейінде бағдарлы пәндерді оқыту;
2.Білім алушылардың ертерек кісіби бағдарға бейімделуінқамтамасыз ету;
2.Білім берудің жаңа парадигмасы мен жалпы орта білім беру жүйесін дамыту тенденциялары аясында оқушы тұлғасын қалыптастыруда тірек мектеп- лицейінің (РО) білім беру кеңістігін құрастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;
2.Тірек мектеп-лицейдің (РО) оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мүмкіндіктерін айқындау;
3.Этномәдени мұра материалдарын оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы дидактикалық мазмұнын жүйелеу, оның тиімділігін дәлелдеу,оқыту үдерісінде отандық және шет елдердің озық педагогикалық тәжірибелерін пайдалану, мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін көтеру.
4.Оқушының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің білім беру кеңістігінің тәжірибесін насихаттау, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оның тиімділігін педагогикалық тәжірибе жүзінде тексеру, сараптамалық талдау және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау
Эксперименттен күтілетін нәтижелер:
1.Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудіңпсихологиялық-педагогикалық аспектілері туралы тұжырымдар ғылыми басылымдарда жарияланады.
2. Эксперемент материалдарының негізінде оқу-әдістемелік құралдар, жинақтар шығарылады.
3. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген «Жаңа дәуір оқушысы» қалыптасады.
4. Сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, дәстүрін құрметтейтін тұлға қалыптасады.
5.Тірек мектеп пен магнитті мектептердің бірлескен өзара қолайлы бірізді педагогикалық жүйесі құрылады.
6.«Жаһандану жағдайында ауыл мектеп оқушыларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік алаң жұмысы қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Эксперимент жетекші идеясы:
Тірек мектеп-лицей жағдайындағы білім беру кеңістігін құрастыруда оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі этномәдени материалдарын қолдану, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуды ұйымдастыру педагогикалық әрекеттің құндылық бағдары, өзегі ретінде танылуы - рухани, интеллектуалды, коммуникативті құзіреттілігі дамыған тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туындайды.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат тәжірибелерін зерделеу, ұзақ мерзімді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері.
Эксперименттің теориялық және әдіснамалық негіздері: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлігіне байланысты тарихи, философиялық, әлеуметтік және мәдени ілімдер, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуге аксиологиялық және акмеологиялық тұғырлары, тұлға дамуының жалпы диалектикалық ұстанымдары, тұлғаға бағдарланған білім беру және тәрбие беруді ізгілендіру теориясы, қазіргі білім беру мәселелері, педагогикалық-психологиялық және кәсіби білім беру, педагогика, психология мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Эксперименттік тәжірибенің зерттеу базасы:Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей (ресурстық орталық )
Экспериментке қатысушылар:Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей (ресурстық орталық)оқушылары, педагогикалық қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (басқа жасөспірімдердің заңды өкілдері).
Индикаторлар:75-95% - күтілетін нәтижеге қол жеткізу: қол жеткізудің жоғары деңгейі;
54-74% - оңтайлы жетістік деңгейі;
37-53% - қол жеткізудің рұқсат етілген деңгейі;
19-36% - жетістіктің маңызды деңгейі;
0-18% - қол жеткізудің жол берілмейтін деңгейі
Іске асыру кезеңдері:
I. Теориялық кезең: 2023-2024 жж.
II. Дайындық кезеңі: 2024-2025 жж.
III. Қалыптастыру кезеңі: 2025-2028 жж.
IV. Қорытындылау кезеңі: 2028-2029 жж.
Эксперимент кезеңдері:
Кезеңдер мен мерзімдер | Кезеңнің міндеттері | Есептерді шешу әдістері | Күтілетін нәтиже |
I.Теориялық кезең (2023-2024 жж.) |
|
| ауыл мектеп оқушыларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің ғылыми-териялық базасы |
II. Дайындық кезеңі (2024-2025 жж.) |
|
|
|
III. Қалыптас-тыру кезеңі (2025-2028 жж.) | қалыптастыру экспериментінің кезеңдерін анықтау және оны жүзеге асыру |
|
|
IV. Қорытын-дылау кезеңі (2028-2029 жж.) | алынған нәтижелерді сараптау |
| алынған тұжырымдар мен қорытынды нәтижелер негізінде практикалық, әдәстемелік ұсыныстар беру |
Эксперимент нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі: зерттеу тақырыбына сай теориялық қағидаларды әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, зерттеу пәніне сәйкес, кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, зерттеу қорытындыларының жалпы әдіснамалық негізде дәлелденуімен, нақты бірін-бірі толықтырушы ғылыми-эксперименттік әдістердің кешенді түрде қолдануымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесінде алынған мәліметтердің тиімділігі дәлелденуімен қамтамасыз етілді.
Экспериментті өткізу үшін қажетті жағдайлар: тірекмектеп-лицей мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуді жүзеге асыру білім беру кеңістігінің негіздемесі және жұмыс ережесі, қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер, ақпараттық-коммуникациялық құралдар, жаңа технологиялар, кадрлық құрам, оқушылар контингенті, экспериментті жүргізу орны, қаржылық қолдау.
Эксперимент дәйектілігін қамтамасыз ететін мониторинг және бақылау құралдары: бірінші кезеңнің соңында, екінші кезеңнің ортасында және аяғында, үшінші кезеңнің соңында ағымдық мониторинг жүргізу. Бақылау құралдары: құжаттардың сапасы, алынған нәтижелерді сипаттайтын оқу-әдістемелік өнімдер, оқушылардың жетістіктері, педагогикалық ұжымнан алынатын сауалнама, ата-аналардың бағасы және оқушы тұлғасының әлеуметтену тетігін көрсететін бақылау-өлшеу қималары.
Эксперимент дәйектілігін қамтамасыз ететін үлгі штаттық кестесі
р/с | Штаттық бірлік | Бірлік ставка |
Директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 бірлік | |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 бірлік | |
Ғылыми жетекші | 0,5 бірлік | |
Музыкалық жетекші | 1бірлік | |
Педагог-ұйымдастырушы | 1 бірлік | |
Қосымша білім беру педагогы | 4 бірлік |
Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда, облыстық және аймақтық ғылыми конференцияларда, білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңестерінде, республикалық, аймақтық, облыстық деңгейде өткізген ғылыми семинарларында, мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерінде, республикалық басылымдарда ғылыми мақалалар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ақпараттық-сараптамалық материалдар, оқу-әдістемелік және мұғалімдерге арналған көмекші құралдар түрінде жарық көрумен жүзеге асады.