Мектеп формасы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы
№15 мектеп- лицей КММ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді. Осы мектеп формасына қойылған талаптармен таныстыру мақсатында мектеп –лицейде ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата –аналар жиналысына тігінші жеке кәсіпкер Асемова Гулмира шақырылды. Кәсіпкер мектеп формасының бірнеше үлгілерімен таныстырды. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескерілгендігін айтты. Ата-аналар классикалық стильдегі сұр түсті мектеп формасын таңдады. Ұлдарға – сұр түсті костюм сұр шалбар, ақ жейде. Қыздарға –сұр костюм, шатланка , ақ жейде және ақ бантик деп келісілді.



