Мектепішілік "ML LIFE" радиосы ашылды » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік "ML LIFE" радиосы ашылды
26
ноябрь
2018

Мектепішілік "ML LIFE" радиосы ашылды

Жуалы ауданындағы №15 мектеп-лицейінде мектепішілік «ML LIFE» радио торабы өз жұмысын бастады.

Әр аптаның сәрсенбі күні өткізілетін хабарға мектептегі сыныптар белсенділік танытып, үзіліс кезінде жүргізілетін бағдарламаларға оқушылар қызықты мәліметтермен хабардар етпек!

Радионың «Ойлан тап» айдарында оқушылар логикалық сұрақтардың жауабын тауып, сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Радиода «Құттықтаулар» және «Сырлы сұқбат» атты айдарлары жүргізілетін болады ,сондай-ақ жуырда «Ең үздік радио тілшісі», «Ең үздік радио дикторы» атты радио жүргізушілерінің кастингі өтті. Кастингке әр сыныптан үміткер ретінде белсенді оқушылар қатысты. Сайыстың шарттары бойынша берілген мәтіннің дұрыс оқылуы, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері ескеріліп, екі минуттық репортаж дайындау кезінде кейбір оқушылар шеберлік танытты. Бұл кезеңде, қойылған сұрақтардың өзектілігі, жауаптың ұтымдылығы қазылар алқасының назарында болып, радио тілшілердің дайындығы мен ізденімпаздығы да таңғалдырды. Жас дикторлар мен тілшілер іріктеліп, Үсен Барна, Тұрлыбек Манзура диктор ретінде, Сұлтанмұрат Дильназ, Жұмабай Сағынай, Жадрабек Жанерке, Сұлтаналы Самал тілші ретінде тағайындалды.

Және радиомыздың бас дикторы Нұрғазы Әділет, редактор Қылышбаева Айнұр, радио әкімшісі Мейірхан Нұрлыхан болып сайланды.


 

 

 

 

 

 

 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив