"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ. » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
31
январь
2025

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектеп-лицейдің ресми сайтында жарияланады.
  1. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі» КММ.
    Мекеменің мекен-жайы: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Ұлан көшесі №7. Байланыс нөмірі: 7-90-42. Электрондық пошта: Bokeikhan-15tml@yandex.kz
  2. Лауазымдық міндеттері: 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
      журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
            оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
            оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
            білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
            оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
            білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
            инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
            ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
            арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
            интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
            әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
            ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
       ата-аналарға кеңес береді;
            кәсіби құзыреттілікті арттырады;
            еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
            білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
            ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
            тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
            білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
      педагогика мен психология;
      пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
      оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
      құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Еңбек ақы төлеу мөлшері: еңбек ақысы – толық жүктеме 150000-160000тг (санатына қарай). 
Конкурс төмендегідей уақытша бос орынға жүргізіледі:
Информатика пәні - 1 педагог (уақытша бос орын – 1 бірлік жүктеме).

3. Біліктілікке қойылатын талаптар:Пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл және "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 03-11 ақпан аралығында. 
 
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 153-тармағына сәйкес (24.12.2024 №362 өзгерістерімен) жүргізіледі.

Конкурс ҰБДҚ модулі жұмыс жасамауына байланысты құжат ретінде қабылданады. Конкурстық құжаттар Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Ұлан көшесі №7 мекен-жайында орналасқан «Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейдің» КММ конкурстық комиссияда қабылданады.

Похожие публикации: