"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ. » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
04
ноябрь
2024

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 
 Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектеп-лицейдің ресми сайтында жарияланды.
 Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:
 Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі  - 0,5 бірлік жүктеме (уақытша бос орын).
Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі» КММ.
 Мекеменің мекен-жайы: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Ұлан көшесі №7.
Байланыс нөмірі: 7-90-42. Электрондық пошта: Bokeikhan-15tml@yandex.kz


  1. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері:
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;
балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;
мектепте өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар) қатысады;
отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
педагогикалық этиканың нормалары;
психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімін растайтын құжат, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
2. Еңбек ақы төлеу мөлшері: еңбек ақысы - Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі  100000-120000тг аралығында, біліктілік санатына байланысты.
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 05-13 қараша аралығында.  
 4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 154-тармағына сәйкес (15.08.2023 №259 өзгерістерімен) жүргізіледі.
 
  Конкурстық құжаттар Жуалы ауданы, Ұлан көшесі №7 мекен-жайында орналасқан «Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейдің» қабылдау бөлімінде қабылданады.

Похожие публикации: