"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ. » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
18
сентябрь
2024

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №15 ТІРЕК МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 
 Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектеп-лицейдің ресми сайтында жарияланады.
 Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:
 Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары -1 бірлік жүктеме (уақытша бос орын).

Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі» КММ.
 Мекеменің мекен-жайы: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Ұлан көшесі №7.

Байланыс нөмірі: 7-90-42. Электрондық пошта: Bokeikhan-15tml@yandex.kz


Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары

  1. Лауазымдық міндеттері: 

білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады;

      тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады;

      оқу процесінде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді;

      ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады;

      ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;

      білім беру ұйымдарында процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді;

      оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, "Цифрлы Қазақстан" және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктері, басқарудың инновациялық әдістері;

      менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелері, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

   тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

2. Еңбек ақы төлеу мөлшері: еңбек ақысы - Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары 200000-220000тг аралығында.

3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 19-27 қыркүйек аралығында.  
 4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 154-тармағына сәйкес (15.08.2023 №259 өзгерістерімен) жүргізіледі.
 
  Конкурстық құжаттар Жуалы ауданы, Ұлан көшесі №7 мекен-жайында орналасқан «Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейдің» қабылдау бөлімінде қабылданады.

Похожие публикации: