
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Қабылбеков 11 сынып оқушыларымен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысын пысықтау және алдағы ҰБТ-ның жаңашылдықтары туралы "ҰБТ-2023 жаңашылдықтары" тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында ҰБТ-дің жаңашылдықтары және тестке дайындықтың тиімді жолдарын түсіндіріп, мектеп түлектері жақсы көрсеткіштерге жету үшін өз білімдерін нақты уақыт шеңберінде көрсетуге бағыт-бағдар берілді.Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, ҰБТ-ге жүйелі түрде дайындалып жатқандары туралы айтып өтті.