29
декабрь
2022
Мектеп-лицейге Әлихан Бөкейхан есемі берілді

Аудан орталығындағы мектеп-лицейге ресми түрде халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист Әлихан Бөкейханның есімі берілді.
Құтты болсын!
Келер ұрпаққа мол мұра қалдырған ғалымның ел игілігіне айналған бірнеше нақыл сөздері: Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды
Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады
Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды
Хан баласында қазақтың хақысы бар: қалайда қазақтың бір қызметіне жарамай қоймаймын!
Өз күшіне сенбеген адам да, халық та ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды
Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік
Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсағанда ғана іс көркейеді.