15ТМЛ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ » Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 7-90-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15ТМЛ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
29
апрель
2025

15ТМЛ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мекемелері арасында аудандық “Ой шебері” зияткерлік ойыны өтті.Ойын барысында Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты», «Ай мен Айша» романы, Б.Момышұлы «Алыстан сәлем жолдаймын», Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», К.Ахметова «Бақ» өлеңдер жинағынан сұрақтар қойылды. Қатысушылар Шерхан Мұртазаның шығармаларынан жоғары ұпай жинаған.
Ойынға арнайы Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Керімқұл Бегалиев, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Бақыт Шертаева алғы сөз сөйлеп, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, Журналистер одағының мүшесі, білім беру ісінің үздігі Дәулетжан Жамалбекұлы батасын берді.

Шараның мақсаты “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік болды.

Ойын нәтижесінде 26 команданың арасынан іріктеліп, өз білімдерімен айқын дараланып #15 ТМЛ командасы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшісі Құтымбек Саматты құттықтаймыз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив