
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, 2023 жылдың 14 ақпанында мектеп-лицей және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ерлік даңқы мәңгілік» атты ауған соғысы ардагерлерінің жастармен кездесуі өтті.Аталған шараға ауған соғысының ардагерлері М.Әбдібек, Ә.Әмірбеков, О.Сатыбалдиев қатысты.Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу және жеңіс үшін күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында жастар өз өнерлерін ортаға салды.
Кездесу барысында ардагерлер өзінің Ауған жерінде бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. Кешегі күн бүгін тарих деп басталған сырлы әңгімесі жастарға жігер сыйлады. Тағылымды кездесуде жастар қонақтарға сұрақтар қойып, патриоттық тәрбиеде өнеге алатындай ұлағатты сөздер тыңдады