Тірек мектеп-лицейдің 6 сынып оқушылары «Мың бала» ұлттық олимпиадасының тестілеу кезеңіне қатысты. “Мың бала” ұлттық зияткерлік олимпиадасы - ауыл мектептерінде оқитын дарынды балаларды анықтап, оларды қолдауға бағытталған маңызды жоба болып табылады. Тестілеу барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, математикалық және тілдік сауаттылығы, сондай-ақ жаратылыстану бағытындағы білімі сыналды. Олимпиада – тек білім жарысы ғана емес, оқушылардың өз мүмкіндіктерін сынап, жаңа белестерді бағындыруына үлкен мүмкіндік. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Жеңімпаздар алдағы кезеңдерде өз білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік алады.