

Құстарға қамқорлық жасау акциясына 7-сынып оқушылары белсене қатысты. Акцияның басты мақсаты - оқушылардың табиғатты сүюге, құстарды сақтауға, қамқорлық көрсете білуге үйрету. “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” тақырыбы аясында жас буындарға ұя жасауға, оларды іліп құстарға қамқорлық жасауға баулу. Қазіргі таңда жас ұрпаққа үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беріп отырсақ ұрпағымыздың дені сау, болашағымыз мықты болары хақ.