24
январь
2025
”ЖОМАРТ ЖҮРЕК” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА



«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының «Қамқорлық» фракциясы және «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Зерде» бағыты бойынша ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» акциясы аясында оқушылар ауылымыздағы зейнеткер әжеміз Манат Үсербайқызының үйіне барып, ауласын қардан тазалап, көмек көрсетті. Осылайша, оқушылар әжеміздің батасын алып, өздерінің ізгі амалдарын жүзеге асырды.
Шараның мақсаты қарттарға көмек көрсету, олардың өміріне жанашырлықпен қарай отырып, қамқорлық таныту болды. Бұл акция оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, оларды қоғамға пайдалы әрекеттер жасауға баулуда маңызды рөл атқарады.
Шара соңында Манат әжеміз өз алғысын білдіріп, оқушыларға батасын беріп, бұл қайырымдылық әрекетінің үлгі боларлықтай екендігін атап өтті.