ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН ЕРЕН ЕҢБЕК ЕТЕТІН КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі (Р.О)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ТАРИХЫ
«Ел ертеңі үшін ерен еңбек ететін киелі шаңырақ»
Жамбыл облысы Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылындағы№15 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізі 2014 жылы қаланды.
2014 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Жуалы ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 30 маусымдағы №277 қаулысына сәйкес, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Бауыржан Момышұлы ауылы, Ұлан 7 көшесінен сыйымдылығы 300 орынға арналған «№15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ашылды.
Мектеп директорлығына Сыдығалиев Құрыш Тұрсынбекұлы тағайындалды. Қ.Т.Сыдығалиев «Ауданға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Патриоты», «Ветераны подразделений особого риска», «Долг и честь» медаль-дарымен, «Бауыржан Момышұлына 100 жыл» төсбелгісімен, облыстық білім басқармасының, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
2014 жылы орта мектепте 58 педагог, 19 сынып жиынтығы ашылып, ондағы білім алушылар саны 378 оқушыны құрады.
2015 жылдан бастап, мектебіміздің алғашқы түлектері бітіріп шықты. 2014-2015 оқу жылында 11-сыныпты 16 оқушы аяқтады. «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері -1 оқушы, 2015-2016 оқу жылындағы түлектер саны - 20, «Алтын белгі» иегері – 2 оқушы, 2016- 2017 оқу жылындағы түлектер саны – 12 болса, 2017-2018 оқу жылындағы түлектер саны – 28, «Алтын белгі» иегері - 2 оқушы болды.
2018 жылғы 2 мамырдағы Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің №221 қаулысының №1 қосымшасына сәйкес, орта мектеп «№15 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2018- 2019 оқу жылындағы түлектер саны - 30, «Алтын белгі» иегері -2 оқушы. 2019-2020 оқу жылындағы түлектер саны – 44 болса , «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері - 4 оқушы, «Үздік аттестат» иегері -2 оқушы болды.
2020-2021 оқу жылында мектеп-лицейді 27 түлек , «Үздік аттестат» иегері -3 оқушы болса, 2021- 2022 оқу жылында 37 түлек, «Үздік аттестат» иегері – 8 оқушы болды.
Білім ордасының ашылғанына биыл 9 жыл. Осы аралықта 11 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 18 оқушыға «Үздік аттестат» берілді.
2022-2023 оқу жылының басында мектеп-лицей директоры Сыдығалиев Құрыш Тұрсынбекұлы 2014-2022 жылдар арасында мектептің көркеюіне, оқушылардың білім сапасының өсуіне өз үлесін қосып, абыроймен зейнетке шықты.
2022 жылдың қараша айының 25 жұлдызында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің бұйрығымен мектеп-лицей директоры болып тарих және құқық пәнінің мұғалімі Сайлаубаев Руслан Бахытұлы тағайындалды.
Сайлаубаев Руслан Бахытұлының еңбек жолында жеткен жетістіктері мен марапаттары: жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, әлеуметтік әріптестердің, қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары: Жуалы ауданы әкімінің Алғыс хаттары; Жуалы аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаты; Жуалы аудандық мәслихатының Құрмет грамотасы; «Нұр Отан» партиясы облыстық және аудандық филиалдарының Алғыс хаттары.
Білім беруді басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған (ұсынған) немесе олардың жәрдемдесуімен өткізілген педагогтерге арналған аудандық, облыстық республикалық, халықаралық конкурстар мен жарыстардың жүлделері: Облыстық «Ғылыми-әдістемелік жұмыстың үздік үлгісі» байқауында II дәрежелі диплом иегері; «Менің үздік презентациялық сабағым» атты VI республикалық мұғалімдер сайысында I дәрежелі диплом иегері; «Үздік мультимедиялы оқу презентациясы» III аймақтық байқауында 1 дәрежелі диплом иегері; Республикалық қашықтық олимпиадасында /КИО/ III дәрежелі диплом иегері; Республикалық «Үздік инновациялық материал» шығармашылық байқауында III дәрежелі диплом иегері (2021жыл); «Тарих пәнінің үздік педагогы» атты республикалық байқауында 1 дәрежелі диплом иегері (2022 жыл); «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық байқауында 1 дәрежелі диплом иегері (2022 жыл); «Үздік педагог» республикалық байқауында 1 дәрежелі диплом иегері (2023 жыл); «Жаңа Қазақстан –Жаңа мүмкіндіктер» атты партия ұйымдарының топтары арасында өткен аудандық пікірсайыс турнирінде 1 дәрежелі диплом иегері атанған.
2022-2023 оқу жылында мектеп-лицейде 87 педагог, 32 шаруашылық қызметкерлері жұмыс атқарды. Бұл оқу жылында мектеп-лицейде 29 сынып комплектісі және 3 даярлық тобы, барлығы 610 оқушы білім алды. Білім алушылар көптеген облыстық, республикалық олиимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанды. Аталған оқу жылындағы білім сапасының көрсеткіші 68% болды. 2022-2023 оқу жылы мектеп-лицейді 33 түлек бітіріп, 5 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.
«Үздік аттестат» иегерлері:
Райымбекова Қымбат,
Еділбай Ақбота,
Еркінбек Гүлназ,
Кемелбек Даниал,
Құлжабай Ринат.
11 сыныпты 33 оқушы аяқтап, 2023 жылдың маусым-шілде айларында өткізілген мемлекеттік білім гранты ҰБТ-на 100 % қатысып, орташа балл 77 % көрсетті. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылына қарағанда 5%-ға артты. 33 оқушының 19-ы, яғни 58% мемлекеттік грант иегерлері атанып, жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр.
Мектеп-лицейдің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі шығармашылық жұмысы жыл сайын өз нәтижесін беріп келеді. Оған лицей түлектерінің мемлекеттік грант арқылы жоғарғы оқу орындарына түсуі дәлел.
2023-2024 оқу жылы тың жаңалықтармен, ерекше қарқынмен басталды. Бүгінде тірек мектеп-лицейде 90 педагогикалық қызметкер және де 33 техникалық қызметкерлер жұмыс атқаруда. 28 сынып комплектісі жинақталып, мектепалды даярлық тобын қосқанда барлығы 564 оқушы білім нәрімен сусындауда. Мектептің материалдық-техникалық жағдайы: 27 оқу кабинеті, спорт зал – 1, мәжіліс залы – 1, асхана – 1 (68 орын), кітапхана (оқу залымен) – 1, ІТ – 1, шеберхана – 2, медкабинет – 1, STEM лаборотория – 1, ART студия – 1 және TELE студия кабинеті – 1. Биылғы оқу жылында 564 оқушының 75%-ы үйірмелерге қатысуда. Қамқорлыққа алынған 2 оқушы бар, денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушы саны – 10, және жеке қаралымда 1 оқушы оқытылады. Жеңілдетілген ыстық тамақпен 273 оқушы, қыстық киіммен 100 оқушы қамтылған.
2023-2024 оқу жылында 11 сынып бітірушілерінің саны – 30, «Үздік аттестатқа» 4 оқушы үміткер, олар: Асқар Балнұр, Тұрлыбек Тоғжан, Тұрсынбек Аружан және Әмірбек Ақниет.
Оқу жылында мектеп-лицей "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасына еніп, лицейдің материалдық-техникалық базасы толықтай жаңарды. Мектеп тарихы жаңарып лицейге Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек (р.о.) мектеп-лицейі статусы берілді. Яғни, Назарбаев Зияткерлік мектебінің тірек мектебі ретінде саналады. Бұл жарқын жобаны жасап, жүзеге асырып келе жатқан "Қазақстан халқына" қоры мен “Білім беру саласын тұрақты дамыту” қоры. Бүгінгі күні аталмыш жоба аясында мектеп-лицей жаңа модификациялық кабинеттермен, заманауи зертханалармен, ART-студия, STEM-лаборатория, TELE-студия, 3D модельдеу және робототехника, кітапхана, мәжіліс зал, Intellectum және т.б. кабинеттері жабдықталды. Тірек мектебінің ашылу салтанатына Парламент мәжілісінің депутаты Нұрымова Гүлдара Алданышқызы, Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев, Жуалы ауданының әкімі Мұртаза Жалғас Әлижанұлы арнайы келіп, мектеп тынысымен танысты.
Аяқталған оқу жылында 580 оқушы білім алды. Оның 117-і үздік, 236 екпінді.59 оқушы 9-шы сыныпты, 30 оқушы 11 сыныпты бітірді. Мектеп бойынша білім сапасы - 66% пайызды құрады.
Білім мекемесінің оқу-тәрбие саласындағы жұмыстарда жоғары жетістіктерге жетуіне «Озат тәжірибе» мектебінің құрамына енетін тәжірибелі ұстаздар қомақты үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда мектебімізде 90 мұғалім дәріс берсе, оның 1-і «шебер педагог», 12-і «зерттеуші-педагог», 16-ы «Педагог-сарапшы» біліктілік санаттағы ұстаздар. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен меморандум аясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжарқын Мүсілімқызымен «ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ» ретінде келісіп, бірлескен жұмыстарды атқарып келеміз.
Тірек мектеп-лицей ұстаздары жеке тұлғаның дарындылық қабілеттерін жан-жақты дамыту бағытындағы зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Осы бағытта құрылған ғылыми қоғам мүшелері түрлі пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, аудандық, облыс, республика көлемінде жеңімпаз атанды.
2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 35 оқушы аудандық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды, облыстық пән олимпиадасында 6-сынып оқушысы Бақытжанұлы Бексұлтан І орынды /жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі С.Қабылбеков/, 8 сынып оқушысы Әділбек Абдурахим 3 орынды иеленді /жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Г.Кененбаева/. Облыстық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында 5 сынып оқушысы Оңдасын Ақмаржан І орынды, республикалық байқауда ІІ орынды жеңіп алды /жетекшісі Г.Кененбаева/, «Дарынды математик» байқауының облыстық кезеңінде 9 сынып оқушысы Жанәділ Ерсұлтан жүлделі ІІІ орынды, жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептеріне арналған облыстық олимпиадасында 9 сынып оқушысы Қыдырбек Аянат ІІ орынды иеленді. "Алтын сақа" облыстық олимпиадасында 3 сынып оқушысы Ғани Шаттық жүлделі ІІІ орынды /жетекшісі Қ.Сапарбекова/, "Шексіз өмір" балалар фестивалінің облыстық кезеңіне қатысқан 9 сынып оқушысы Ақылбекова Жанель ІІ орынды иеленді. /жетекшісі Ж.Кенжеқараева/, 11 сынып оқушысы Асқар Балнұр жалпы білім беретін пәндердің облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды иеленді, жетекшісі география пәнінің мұғалімі Манабаева Фариза. «JUNIORSKILLS JAMBYL-2023» облыстық чемпионатында «Наубайшы-ісі» құзыреттілігі бойынша 8 сынып оқушысы Әділбек Әбдірахым ІІІ орынды иеленді. 9 сынып оқушысы Рүстембек Мұхамедали Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Дүниежүзілік жазғы гимназияда аясында бокстан өткен жарыста жеңімпаз атанып, қола медаль иеленді. Облыстық оқушылар арасындағы пікірсайыс гранд-турниріне қатысып, арнайы Сертификатпен 8 сынып оқушылары Әділбек Абдурахим мен Әділбек Абдурахман. "Үздік кейс" номинациясымен 9 сынып оқушысы Кемел Назым. 5-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық "Төлеген Айбергенов" оқулары байқауының облыстық кезеңінде көрсеткен белсенділігі мен ерекше жетістігі үшін Грамотамен 9 сынып оқушысы Бурылбай Елнара марапатталды. «IQANAT» олимпиадасының аудандық кезеңіне 23 оқушы, облыстық кезеңіне 12 оқушы қатысып, республикалық кезеңге 8 оқушы жолдама алды. Республикалық «Кенгуру» олимпиадасында 11 оқушы, «Алтын тобылғы» байқауында 53 оқушы жүлделі орындарды иеленді.
Қазыналы білім ордасына айналған №15 тірек мектеп-лицейдің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда.
Білім - әрбір оқушының бағындыратын шыңы. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар кездессе, оқу, білімді меңгеруде де сондай қиыншылықтар кездеседі. Оңы жеңілдету - ұстаздардың міндеті.
Мектеп-лицей ұжымы қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. Осы мақсаттағы басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық, азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, дамытуға бағыт болған білім алуға қажетті шарттар жасау, оқушыларға үш тілді меңгерту, мектепті компьютерлендіру және интернет жүйесімен жұмыс жүргізуді басты назарға алуда.
Тірек мектеп-лицей директоры: Руслан Бахытұлы Сайлаубаев