15
февраль
2024
15 АҚПАН - ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕРДІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ




Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып, уақыт алдыға жылжыған сайын ауған ардагерлерінің жасаған ерліктерінің шоқтығы биіктей бермек.
Атаулы күнге орай тірек мектеп-лицейде (РО) жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Генералдар мекені» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларымен «Өшпес ерлікке - мәңгі тағзым» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Кездесудің басты мақсаты – ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жас ұрпақ бойында туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жиын барысында ауған соғысының ардагерлері бастарынан өткен оқиғалармен бөлісті. Сондай-ақ, жас буын өкілдеріне жылы лебіздерін білдірді.