

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Жамбыл дарыны" ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Robotek Grand Tournament" республикалық чемпионаттың (екінші) облыстық кезеңіне ауданымыздың мектептері қатысып, "Сұрыптаушы робот" санаты бойынша Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің "Robotek" тобы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі "Робототехника" үйірмесінің жетекшісі Мейірхан Нұрлыхан. Жеңістеріңіз құтты болсын!