03
ноябрь
2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ



Ауқымды шара ауылдық мектептердегі білім беру сапасын арттыруға және әрбір оқушының әл-ауқатын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді бірлесіп талқыладық.
Шараға еліміздің 17 облысынан 80 тірек мектептің 320 басшылары мен оқытушылары қатысты.\nҰстаздарға Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің құрметті профессоры Колин Маклафлин, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Шәмшидинова, Финляндиядағы Турку университетінің психология профессоры және буллингке қарсы халықаралық KiVa бағдарламасының авторы Кристина Салмивалли, Нидерландтағы Халықаралық Мектептер Кеңесінің атқарушы директоры Джейн Ларссон, Ұлыбританиядағы Anglian Learning Multi Academy Trust компаниясының негізін қалаушы-бас директоры Кейт Эванс, литвалық психиатр Дарюс Радкявичиюс, норвегиялық суретші-карикатурашы, дизайнер Ойстейн Кристиансен және білім беру саласының өзге де танымал шетелдік және отандық сарапшылары өз зерттеулері мен баяндамаларын ұсынды.
Cондай-ақ екі күн бойы секциялық отырыстар мен мастер-кластарда біліктілігімізді арттырып, пікір алмастық.
Мәтін @ryslan_baqyt парақшасынан алынды