
2022 жылдың 21 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №15 мектеп-лицейінде «Педагог» кәсіби стандартының ерекшеліктерін талдау мақсатында өндірістік жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Педагог» кәсіби стандартының ерекшеліктері туралы баяндаманы ДОІЖО С.Қабылбеков жасады. Кәсіби стандарт «Педагог» білім бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде білім ұйымдарының қызметкерлерін оқытуға, білім ұйымдарының бітірушілері мен қызметкерлерін сертификаттауға негіз болып табылатындығы жөнінде талқылау жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Педагогтың негізгі және қосымша кәсіби қызметінің мазмұны талданды.