08
январь
2025
ҰСТАЗ - ҰЛЫ ЕСІМ

Фильм желісі арқылы ауыл балаларының өмірі, тағдыры, болашағы өте қиын жағдайда екенін түсіндік. Жас мұғалімнің іс-әрекеті арқылы мектебіміздің жас мамандары, еліміздің болашақ жастарын тәрбиелеуде өз мамандығының үлкен жауапкершілігі бар екенін ұғынды.
Әр баланың Абай дана айтқандай “Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан....” деп, өмірден өз орнын табуына жауапкершілікпен қарау біздің міндетіміз! Әріптестерімізге шабыт сыйлаған бұл фильм бізге өз кәсібімізге деген мақтаныш сезімін ұялатты.
Ұстаз болу - бақыт!