14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күніне орай тірек мектеп-лицей педагогтері мен білім алушылары лицей кітапханасына әдеби-танымдық кітаптар тарту етті.Бұл мерекенің негізгі идеясы- мұғалімдер мен оқушыларды жақсы кітап сыйлауға ынталандыру.2012 жыл 14 ақпаннан бастау алған бұл күнді өткізудің мән-мағынасы адамдар бір-біріне, әсіресе ересектердің балаларға кітап сыйлау арқылы оларды кітап оқу дағдысын баулу және өзара мәдени сипаттағы жылы қарым-қатынасты дамыту болып саналады.